Хабаршысы. Экономика сериясы (Apr 2015)

Медициналық қызметтер нарығын сегменттеу қажеттілігі. Необходимость сегментирования рынка медицинских услуг

  • M. Zh. Tursumbaeva,
  • G. K. Zhaksugulova,
  • R. A. Malaeva

Journal volume & issue
Vol. 96, no. 2

Abstract

Read online

Медициналық ұйымдардың қызмет тиімділігін көтеру мақсатында қолданылатын маркетингтік құрал нарықтық сегменттеу болып табылады. Сегменттеу қандай медициналық қызметтерге сұраныс барын, көлемін, пациенттердің қандай тобы медициналық қызметтерге мұқтаж, бəсекелестермен салыстырғанда медициналық ұйымның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға көмектеседі. Мақалада медициналық қызметтер нарығын сегменттеу негіздері ұсынылған, бұл сегменттеу негіздері ұйымға зерттеу жұмыстарын жалғастыруға, объективті критерийлер бойынша дəстүрлі медико статистикалық көрсеткіштерді қолданып, дəрігер мен науқас арасында маркетингтік қатынастардың экономикалық сипаттамасын салыстыра отырып, сегмент ішінде медициналық қызметтердің нақты түрлеріне сұранымды зерттеуге, сегмент көлемін, өсімін жəне тартымдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Нарық сегменті – бұл жалпы белгілері бар, емдеушілердің, едициналық қызметтердің немесе медициналық мекемелердің қандай да бір тобы, медициналық қызметтердің ерекше жекеленген бөлігі. Сегменттеудің объектілері болып емдеушілер, медициналық қызметтер жəне медициналық мекемелер табылады. Сегментирование рынка медицинских услуг как один из инструментов маркетинга имеет огромное практическое значение. Грамотное и последовательное его применение ориентирует медицинское учреждение на выбор стратегии наиболее выгодной в экономическом и социальном плане.

Keywords