Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)
Қытай лексикасының ғаламтордағы қолданылу ерекшеліктері
Abstract
Мақалада қытай лексикасының ғаламтордағы қолданылу ерекшеліктері көрсетілген. Заманауи техниканың дамуына байланысты қытай тілінде жаңа сөздер қарқынды түрде көбейіпжатыр. Олар ағылшын тілінен еніп, қытай тіліне түрлі әдістермен аударылады. Атап айтсақ, аббревиациалау; сөздің соңғы бөлігінің буынға дейінқысқарту процесінен туындаған лексикалық қысқарту; буындық қысқартулар (әр буынның инициальдарының қысқаруы) немесе әріптік қысқартулар; пиньин арқылы берілетін сөздердің қысқартулары; аралас қысқартулар, ағылшын тілінің аббревиатурасы мен қытай тілдерінің иероглифының тіркесінен тұратын қысқарту; фонетика мен лексикалық қысқартулар; иероглиф пен сандардың қосындысынан жасалған аббревиатуралар. Тілдесудің жаңа формалары қытай қоғамы үшін көптеген мүмкіндіктермен қатар, кері әсерін де тигізуде. Осыған орай Қытай өкіметін тілдің тазалығын сақтау мәселесі алаңдатуда.