Turkic Studies Journal (Jun 2024)

«Жол» лексемасы және қазақ тілі мен мәдениетіндегі жолға қатысты топонимдер

  • Bekzhan Abdualiuly

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-2-155-173
Journal volume & issue
Vol. 6, no. 2

Abstract

Read online

Мақалада Қазақстан аумағындағы ұлы далалар, ормандар, сусыз шөлді аймақтар, таулы жерлер, өзендер мен көлдер арқылы өтетін жол атаулары дромонимдер мен жол бойындағы топонимдерге семантикалық талдаулар жасалады. Жол ең бірінші тиімді бағыттарды айқындауды, адамдардың қауіпсіздігін және азық-түлік, қонақжайлармен қамтамасыз етуді қажет етеді. «Жол» ұғымы қазақтың тарихи-мәдениеті мен мифологиялық түсініктерінен бастау алатын географиялық, экономикалық білімімен, дәстүрлерімен және рухани әлемімен тығыз байланысты. Сондықтан мақалада мифтер, аңыздар мен дәстүрлер арқылы қазақ халқындағы жол туралы ұғымның тілдік тұрғыдан мәні ашылады: мифтік таныммен сабақтас «садақа беру», «бата беру» немесе «теріс бата беру» секілді тіркестер ауыс мағынасында адамның өмір жолына қатысты қолданылады. Қазақ халқының көшпелі тарихи мәдениеті және маусымға сәйкес қоныс аударып отыру дәстүрі арқылы дромонимдердің уақыт пен кеңістікке қатысты мәні айқындалды. Көшпелі өмірі мен тұрмыс-салтының аясында жолға қатысты лексиканың түрлеріне, мысалы, жаяу, аттылы қозғалыстарға қатысты лексиканы жатқызуға болады және бұл халықтың дәстүрлі тұрмысы мен салтынан ақпараттар береді. Мақалада жол бойындағы топонимдердің ерекшеліктерін айқындауға, атап айтқанда, Қазақстан аумағынан өтетін Жібек жолының сауда-өркениеттік, саяси, мәдени рөліне назар аударылды. Белгілі қазақ ғалымы Ә.Марғұланның және басқа да зерттеушілердің еңбектері негізге алына отырып, еліміздегі жол бойындағы топонимдер жүйеленіп, оларға түсініктер берілді. Жүйелі семантикалық талдаулар жүргізуге мүмкіндік тудыратын дромонимдер мен топонимдердің танымдық мәні ашылды, лексемалардың көпмағы налылығы, олардың сөзтудырушылық-деривациялық әлеуеті және синагматикалық қатынастары айқындалды.

Keywords