Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)
Қазіргі Ирандағы парсы тілінің саяси рөлі
Abstract
Мақала Иранда қазіргі таңда парсы тілінің саяси рөлінің қандай екенін анықтауға арналған.Қазіргі таңда Иран Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынастар орнатқан. Барлық Орталық Азия елдерінде парсы тілі академиялық деңгейде оқытылады. Иранның осы елдердегі Мәдени өкілеттіктері парсы тілін кең көлемде насихаттап, оны оқытуға жан-жақты көмек көрсетіп отыр. Студенттер оқу үдерісіне қажетті оқулықтармен қамтамасыз етіліп, Иран тарапы оларды мүмкіндігінше әртүрлі мерзімдегі тілдік стажировкаларға өз қаржысына қабылдап отыр. Бұл елдерде Иран киносының күндері, әртүрлі көрмелер және т.б. мәдени шаралар жиі өткізіліп тұрады. Сондай-ақ Иран өзімен тарихи шыққан тегі ортақ Пәкістан мен Үндістанға, көрші мемлекеттерге – Түркия, Кавказ бен араб елдеріне де парсы тілін таратуға күш салуда. Сөзімізді қорыта келсек, қазіргі Иранда парсы тілінің саяси рөлінің екі қыры бар. Біріншісі –оның ішкі қыры, яғни Иранды мекен еткен халықтардың басын біріктіретін фактор болып табылуы болса, екіншісі – Иранның көршілес елдерге мәдени ықпал жүргізудегі рөлі. Осылайша, парсы тілі қазіргі таңда Иран Ислам Республикасында мемлекеттік құрылымдар қызметін реттейтін белсенді құрал ретінде және Иранның саяси идеологиясын шетелдерге, оның ішінде бірінші кезекте дәстүрлі мұсылман өркениеті таралған елдерге тарату үшін аса маңызға ие.