Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Jun 2016)
Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастық: мәселелері мен болашағы
Abstract
Мақалада жаңа деңгейге шыққан Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық, әсіресе энергетикалық және мұнай- газ саласындағы ынтымақтастық қарастырылады. Бүгінгі күні Қытайдың жоғары қарқынды экономикасы отын-энергетикалық кешенінің дамуымен толық қамтамасыз етпеуде. Елде энергия көздерінің жетіспеушілігі арта түсуде, бұл оны энергия көздердің нетто- импортерлер санатына өтуге әкелуде. Ауылшаруашылығының қажеттілігін энергия көздерімен қамтамасыз ету мемлекеттің сыртқы саяси стратегиясы факторларының біріне айналдыруда. Қытайдың энергетикалық дипломатиясының негізгі түйіні – елдің қажеттілігін тұрақты және жоғары тиімді энергия көздерімен, яғни мұнай және табиғи газбен қамтамасыз ету. Ал Қазақстанның мұнай- газ саласы жоғары инвестициялық тартымдылықты сақтай отырып, белсенді түрде өсу арнасында. Сонымен бірге мақалада энергетика саласындағы ынтымақтастық екіжақты қатынастарды дамытуда зор мәнге ие екендігі де атап өтілген. Тараптар өзара тиімді қағидаттар негізінде энергетикалық ынтымақтастықты үздіксіз кеңейтумен қоса әлі де тереңдетуге ниет білдіретіндіктері айтылады.