Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Feb 2017)

Қолданбалы талдау әдісіндегі халықаралық қатынастар: сарапшы мамандарды дайындау мәселесі

  • B. М. Balaubaeva,
  • М. Sh. Gubaidullina

Journal volume & issue
Vol. 75, no. 3

Abstract

Read online

Батыстың жоғары білім беру жүйесінде «Халықаралық қатынастар», әдетте саяси ғылымның немесе саясаттанудың бір бөлігі болып табылады. Осыған ұқсас жағдайлар Еуропа, АҚШ, Жапония және басқа да мемлекеттер университеттерінің басым бөлігінде орын алады, яғни бұл жерлерде халықаралық қатынастар факультеті жоқ, сәйкесінше жеке мамандық та жоқ. Орыс дәстүрінде, керісінше «Халықаралық қатынастар» мамандығының барлық бағыттары саясаттануға қарағанда әлдеқайда ертерек дамыды (Кеңес одағында «саясаттану» ұғымы «буржуазиялық ғылым» болып саналды және оған тыйым салынды). «Халықаралық қатынастар» арқылы ұлттық мемлекеттердің саяси қатынастары, халықаралық ұйымдар, сыртқы әлем және сыртқы саясат туралы белгілі бір білім жүйесі жасалды және философия, әлеуметтану, тарих және т.б. секілді өзара байланысты пәндерден алынған оларды зерттеудің нақты әдіс-тәсілі жасалып шығарылды. 1990 жылдардың басында посткеңестік кеңістікте, сондай-ақ Қазақстанда дамуы бойынша ресей тәжірибесіне де, Болон жүйесінің батыс стандарттарына да негізделген «Халықаралық қатынастар» және «Саясаттану» секілді екі жеке мамандық пайда болды. Бұл мақалада біз қолданбалы талдау әдістеріне, әсіресе жүйелі-функционалды әдіске, сонымен қатар халықаралық қатынастар және сыртқы саясаттың жеке әдістеріне тоқталамыз.

Keywords