Turkic Studies Journal (Dec 2023)

Қазақ мәдениетіндегі шешендік сөз өнері

  • Dauletbek Raev,
  • Yelnur Seitkozha

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-4-63-82
Journal volume & issue
Vol. 5, no. 4

Abstract

Read online

Мақалада қазақ мәдениетіндегі шешендік сөз өнерінің орны мен рөлін отандық мәдениеттану ғылымында алғаш рет зерделеуге қадам жасалады. Осы ретте мақалада қазақ шешендік сөздерінің жалпы этномәдени болмыстың континиуумы ретіндегі өзіндік тұғыры, танымдық эпистемасы, әдіснамалық ұстанымдары, ділмарлықтың антропоцентристік, социоцентристік, этноцентристік қырлары, шешендік сөздердегі ұтқыр ой табиғаты мен ерекшеліктерінің мәденисофиялық астары, шешендік сөздердегі даналық феномен-мәдениеті қарастырылады. Сонымен бірге, зерттеуде шешендік сөз өнерінің өз тыңдаушысына танымдық эмоциялық ықал етуінің мәдени аспектілері назарда болады. Бұл ретте шешендік тілдегі тыңдарманға ой тастау мәдениетінің тереңдігі, оның аксиологиялық құнары өлшенеді. Шешендік формуласындағы: «бастамасы, ұсынбасы, мазмұндамасы, қыздырмасы, қорытпасы» сияқты мәдени аксиологиялық концепт өзегіне жеткізу қасиеті арқылы «иландыру», «сендіру», «мойындату» концепттердің мәдени әдіснамалық қырларын ашуға қадам жасалады. Шешендік пен объективті шындық арасындағы тұтастық мәселесі қазақтың ұлттық мәдени ділдік этнос ретінде зерделенеді. Шешендік сөздер образды ойлау арқылы объективті шындықты көркем бейнеде игеру мәдени иррационал модель ерекшелігі тілге тиек етіледі. Қазақ демосфендерінің ақиқатты дәл айтып, шындықты шыжғырып бетке басуы өз танымын шынайы тәжірибемен тоғыстырып, біріктіруі мәдени ұстаным ретінде мойындалады. Қазақтың «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» (Төреқұл, 2006: 124) дейтін мәдени этнософиясы басты ұстаным ретінде сарапталады.

Keywords