Хабаршы. Психология және социология сериясы (Sep 2017)

Әлемдік және қазақстандық ұйымдастырушылық психологиясындағы қызметкерлерді іріктеу саласы зерттеулеріндегі негізгі үрдістер

  • Alla Kim,
  • Aliya Massalimova,
  • Madina Kalipanova,
  • Natalya Khon

Journal volume & issue
Vol. 61, no. 2

Abstract

Read online

Мақала қазіргі таңдағы батыс ұйымдастырушылық психологиясындағы қызметкерлерді іріктеу саласындағы ғылыми зерттеулердің мазмұнын талдауға және осы тақырыпқа арналған қазақстандық жұмыстардың ерекшелігін анықтауға арналған. Пайдаланылған жұмыстарда баяндалған ойлар екі негізгі топқа бөлінді: қызметкерлерді іріктеу әдістері (63%) және іріктеу өлшемдері (37%). Бірінші топта үміткердің іріктеу әдістеріне деген қатынасы мәселелері, қызметкерлерді іріктеудегі жаңа және ескі әдістер талданады. Қызметкерлерді іріктеудің қазіргі таңдағы әдістеріне классикалық та (тестілеу, әңгімелесу), жаңа әдістер де (әлеуметтік желілерді, арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану) жатады. Қазақстандық тәжірибеде бұл қазіргі таңдағы әдістер кең қолданысқа ие болған жоқ. Берілген мақалада қызметкерлерді іріктеудің қазіргі таңдағы әдістері туралы ақпарат бар, бұл қызметкерлерді іріктеу саласындағы қазақстандық мамандарға, сонымен қатар үміткерлерге, студенттерге пайдалы бола алады. Түйін сөздер: ұйымдастырушылық психологиясы, қызметкерлерді іріктеу, қазіргі таңдағы үрдістер, қызметкерлерді іріктеу әдістері, қызметкерлерді іріктеу өлшемдері.