Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Jun 2016)
Кибернетикалық және желілік соғыс: ақпараттық қарсы әрекеттердің ұстанымдары (Германия мен Қытай тәжірибесі)
Abstract
Халықаралық қатынастардағы жүйелік құлдырау жағдайында ақпараттық қарсыластық, атап айтқанда кибернетикалық және желілік соғыстар «дәстүрлі» соғыспен тең келерлік маңызға ие болып отыр. Кибер және желілік әрекеттер ақпараттық жүйені қорғауға немесе қарсы тараптың жұмысына кедергі жасауға, тіпті дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігіне тосқауыл болуға бағытталған. Киберсоғыстардың нақты, ұлттық және географиялық шекарасы жоқ. Олардың әсер ету объектілері әскери, тіпті өндірістік, азаматтық желілер, сонымен қатар саяси және мемлекеттік басқару салалары болуы мүмкін. Германия мен Қытайда әдейі ұйымдастырылған кибернетикалық бөлімшелердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері бар. Кибернетикалық соғыстар мен қақтығыстардың және жүйелік басымдылықтың алдын алу үшін ақпараттық алмасудың ережелері мен нормаларын, халықаралық механизмін жасау қажеттігі маңызды болып отыр.