Алматы технологиялық университетінің хабаршысы (Dec 2021)
СОЯ ҰНЫ ҚОСЫЛҒАН БРОЙЛЕР ҚҰС ЕТІ НЕГІЗІНДЕ ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТ ӨНДІРІСІНЕ НАССР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ
Abstract
Халықтың жоғары сапалы тамақ өнімдеріне қажеттілігін қанағаттандыру және оның тағамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоғары тағамдық әлеуеті бар тамақ өнімін жасаумен және тағамдық қауіпсіздіктң анықтаушы көрсеткіштерімен тікелей байланысты. Қазіргі кезде құс өнімдері тұтынушыларға мал өнімдерінен гөрі қол жетімді екендігі белгілі болды. Импорттың осындай құрылымымен шетелден арзан тауық етін импорттау көлемі халықтың табыс деңгейінің функциясы болып табылады деп есептеуге болады: белгілі бір төмен табыс деңгейі бар халықтың үлесі неғұрлым аз болса, соғұрлым импорт азаяды. Қазақстанда құс шаруашылығын тиімді дамыту үшін бірқатар тежеуші факторларды еңсеру қажет, солардың бірі: барлық құс етін өндіру тізбегі бойынша қауіпсіздікті бақылаудың қазіргі заманғы жүйесінің жеткіліксіздігі. Мақалада тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін НАССР жүйесін соя ұны қосылған бройлер етінен жасалған жартылай фабрикат өндірісіне енгізудің практикалық нұсқасы көрсетілген.