Хабаршы. Заң сериясы (Mar 2018)
КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІК АУЫТҚУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ШИЕЛЕНІСТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕБЕПТЕРІ
Abstract
Кәмелетке толмағандардың мінез-құлқындағы шиеленістер мен әлеуметтік ауытқулар проблемаларын зерттеу кезінде шиеленістер мәселелерін зерттеудің гносеологиялық түбірі көптеген ғылымның: философия, логика, әлеуметтану, құқық, педагогика, психология, психиатрияның және т. б. ғылыми жетістіктерін пайдалана отырып, оларды шешу кешенді көзқарасты көздейтін пәнаралық сипатқа ие екендігі туралы жалпы тезисті негізге алу қажет. Құқықтық әлеуметтанудың әртүрлі бағыттары арасында құқықтық конфликтология үлкен мәнге ие, ол құқықтық қатынастарды, нормалар мен институттарды шиеленістердің алдын алу және шешу үшін оларды пайдалану тұрғысынан зерделейді. Құқықтық ғылым үшін бұл мәселе екі себеп бойынша жаңа болып табылады: - біріншіден, жалпы конфликтологияның дербес кешенді әлеуметтік-психологиялық пән ретінде дамуының жеткіліксіздігіне байланысты; - екіншіден, кәмелетке толмағандардың мінез-құлқындағы шиеленіс табиғатын және әлеуметтік ауытқуларды зерделемей, құқықты догматикалық зерттеу оны кеңірек түсінуге, оның ішінде әлеуметтік және психологиялық шиеленістермен жұмыс істеу құралы ретінде ықпал етпейді.