Хабаршы. Психология және социология сериясы (Apr 2016)

Балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің әлеуметтік ерекшеліктері

  • M. A. Nartaeva,
  • N. U. Shedenova

Journal volume & issue
Vol. 49, no. 2

Abstract

Read online

Мақалада балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің отбасында тәрбиеленген балалардан әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері көрсетілген. Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, осы топтағы жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерттеудің және олардың елімізде әлеуметтік қорғалуының негіздері анықталды. Зерттеу нысаны: ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдер. Зерттеу пәні: балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің әлеуметтік ерекшеліктерінің негізгі себебінің көрінуі мен мазмұны болып табылады. Зерттеу мақсаты: балалар үйлерінде тәрбиеленушіледің әлеуметтік-психологиялық жетілулерінің негізгі себептерін көрсету мен ерекшеліктерін зерттеу арқылы проблема тудырып отырған себептерге байланысты шешу жолдарын қарастыру. Зерттеудің болжамы: әртүрлі шетелдік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерін талдаудың көмегімен анықталған әлеуметтік, психикалық ерекшеліктерінің спецификалық көрінісі бар. Зерттеудің болжамын эмпирикалық зерттеу жүргізу үшін арнайы нормативтік құжаттар қарастырылды. Олар келесі заңдар – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы, Қ.Р. баланың құқықтары туралы заңы.

Keywords