Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Jun 2024)

ҚЫТАЙДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒАЖАЙЫБЫ

  • А.А. Ramazanov,
  • I.N. Krengauz,
  • Z. Bolathanova

DOI
https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v109.i2.07
Journal volume & issue
Vol. 109, no. 2

Abstract

Read online

Қытайдың экономикалық ғажайыбы мен Қытайдың әлемдік гегемон және көшбасшы ретінде қалыптасуының негізгі шарттарының маңызы мен рөлі сипатталды. Қытай қысқа уақыт ішінде оң ғана даму нәтижелеріне қалай және неліктен қол жеткізді деген тікелей қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Қытай кедейлікті іс жүзінде жойып, 1,5 миллиард халқын қалай тамақтандырды. Бастапқыда әлемнің жетекші елдерінің капиталы мен технологиясын тарту арқылы экономикалық дамуына қол жеткізудің стратегиялық мақсаттары, моделі мен тетіктері дұрыс қойылды. Экономиканы модернизацияға тікелей басшылықты Қытай Коммунистік Партиясы жүзеге асырды. Модернизацияның дамыған экономикалық моделінің табыстылығын анықтайтын жағдайларға тиімді факторлар жатады: орасан зор еңбек нарығы, этникалық қытайлық шетелдік капиталдың импорты. Өсудің драйверлері және нарықтық реформалардың тәжірибелік алаңдары әзірленген Бағдарлама шеңберінде ашылған Арнайы Экономикалық Аймақтар болды. Арнайы Экономикалық Аймақтардың көрінетін жетістігі «Экономикалық және технологиялық даму аймақтары» аумақтар желісін құруға әкелді. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірудің қытайлық ерекшеліктері бар: Қытайдың жекешелендіруі мемлекеттің экономикалық қызметтен кетуін білдірмейді. Қытайдың барлық стратегиялық аймақтарында мемлекеттік кәсіпорындардың монополиясы сақталды. Өсудің қозғалтқышы үлкен (соның ішінде монополиялық жағдайға ие) мемлекеттік корпорациялар өз пайдасын жаңа жобаларға инвестициялауға ұмтылуда. Қытай ХХІ ғасырда экономиканы жаңа технологиялық және инновациялық деңгейге айналдыруда. Негізгі сөздер: Қытай, модель, экономикалық ғажайыб, өсу қарқыны, стратегия, модернизация