Хабаршысы. Экономика сериясы (Dec 2016)
Әлемдік тәжірибеде исламдық банкингтің қолданылу ерекшеліктері. Особенности применения исламского банкинга в зарубежных странах
Abstract
Исламдық банкингтің болашағы аса зор жүйе. Дәстүрлі банкинг жүйесіндегі саясаттан айырмашылығы ислам банкингінің прин-- циптерінің бірі – адамгершілік пен адалдық. Исламдық қаржыландырудың артықшылықтары ретінде келесілерді қарастыруға болады: өтімді капиталды жинақтау; мәмілелер сенімділігі, ақиқат, әділеттілік және транспаренттілік қағидаларына негізделген; жобаларда табыс пен тәуекелді өзара бөлісе отырып, мәміленің барлық тараптарының бірлесіп қатысуы; қаржы ағымдары нақты активтерге бекітілген; алып-сатарлықтың болмауы; өндірістік қуаттарды, экономикалық инфрақұрылымды дамыту. Сондықтан соңғы жылдары дамыған және дамушы елдер исламдық қаржыландыру жүйесін енгізуге белсене кірісуде. Өйткені, оларды исламдық банкинг, исламдық құнды қағаздар, исламдық инвестиция тартудың ерекшеліктері мен артықшылықтары қызықтырады. Жасыратыны жоқ, әлемдік экономика мен қаржылық жүйенің тірегі болып келген батыстық экономикалық үлгі бүгінде әлсірей бастады. Сарапшылардың пікірінше, еуропалық үлгінің басты кемшілігі – несиелік пайыздық өлшемдер. Ал қаржылық жүйесі исламдық қағидаларға сай құрылған мемлекеттер дағдарыстан онша зиян шеккен жоқ. Қаржыгерлер мұны исламдық қаржыландыру жүйесінің артықшылықтарымен байланыстырады. В последние годы развитые и развивающиеся страны активно внедряют исламское финансирование. Передовые стрaны интересуются исламским банкингом, исламскими ценными бумагами, преимуществами привлечения исламских инвестиций. Не стоит скрывать тот факт, что роль западного зарубежного опыта, который был основой экономической и финансовой системы в мире, на сегодняшний день ослабевает. По мнению экспертов, главным недостатком европейского примера являются кредитные процентные ставки. Тогда как страны, построившие свою финансовую систему на основе исламских принципов, не так сильно пострадали от кризиса. Финансисты связывают это с преимуществами исламской финансовой системы.