Хабаршысы. Экономика сериясы (Feb 2015)

Қазақстан Республикасында сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері .Организационно-правовые основы обеспечения страховой защиты в Республике Казахстан

  • D. B. Dossalyanov,
  • A. B. Sadvakassova

Journal volume & issue
Vol. 101, no. 1

Abstract

Read online

Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе –Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”. Мемлекет экономикасындағы сақтандырудың нарықтық қатынастар инфрақұрылымының қызмет етуінің негізгі элементі ретіндегі рөлі артуда. Бұл жерде экономикалық инфрақұрылымға сақтандыру механизмін енгізу мен мемлекеттегі сақтандыру нарығының өз инфрақұрылымын құру сияқты екі параллель процесс жайлы сөз болуда. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сақтандыру нарығының мәні – адамдардың, шаруашылық құрылымдардың, кәсіпкерлік және коммерциялық фирмалардың, өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан сақтық қорғауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда. Сақтандыру нарығының экономикалық мәні материалдық немесе басқа да нұқсан келтіре алатын сақтандыру тәуекелінің болуымен шарттастырылған қайта бөлушілік ақша қатынастарымен сипатталады. Страхование представляет собой отношение по имущественной защите интересов физических и юридических лиц (застрахованных) при наступлении определенных страховых случаев посредством выплаты страховых возмещений за счет денежных фондов, формируемых страховщиками из уплачиваемых им страхователями страховых платежей, а также из иных источников, не запрещенных законодательством. Экономическое разви- тие страны неизбежно сопровождается увеличением спектра рисков и, следовательно, расширением потребно- стей в страховании. Опыт развития рыночного хозяйства свидетельствует о необходимости государственного регулирования деятельности экономических субъектов. Сказанное относится и к страхованию. Страхование, как и любая деятельность, без современных законодательных актов, крепкой и стабильной правовой и нор- мативной базы, касающейся порядка организации и деятельности страховщиков, теряет смысл в жесткой ры- ночной экономике. Без государственного управления и регулирования эта сфера не может обойтись и сейчас.

Keywords