Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (May 2016)
1980-1990-жылдардағы Египеттің араб елдерімен қатынасы
Abstract
Египеттің осы уақытқа дейін араб әлемінің ынтымақтастығын, саяси бірлігін әрі халықаралық сахнада өзіне бауырлас мемлекеттердің мақсат- мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күш-жігерін жұмсап келгендігі барша әлемге аян. Бауырлас араб елдерімен қатынасын қайта қалпына келтіру Египет үшін өте маңызды. 1979 жылғы Кэмп-Дэвид келісімінен кейін араб елдерінің тарапынан оқшауландыру саясатына ұшыраған Мысыр жаңа үкімет келген соң аймақтық көшбасшылығын қайта қайтаруды көздей отырып, достық сипатта өз қатынастарын біртіндеп жандандыра түсті. Сондай-ақ Египет Араб Республикасы Таяу Шығыс аймағындағы жағдайды да ұтымды пайдалана білді. Египеттің араб елдерімен қатынасына екі жақта мүдделі еді. Бір аймақта орналасқан бауырлас мемлекеттердің ұзақ мерзімде бірінсіз-бірі өмір сүруі де мүмкін емес болатын. Бұл аймақтағы елдер әлуметтік- экономикалық және де мәдени дамуы жағынан бірі- біріне тәуелді екені сөзсіз.