Хабаршы. Психология және социология сериясы (Sep 2013)
Қазіргі отбасылардың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері.
Abstract
Зерттеудің мақсаты – қазіргі отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен үй шаруашылығының кіріс деңгейі көрсеткіштерін сипаттайтын негізгі статистикалық мәліметтер беру және отбасының негізгі мәселелерін дәйектеу. Әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда отбасы үлгісіне қатысты әртүрлі болатын зерттеу жүйесін дамыту бойынша ғылыми негізделген кепілдемелер және әдістемелік (қолданбалы) нұсқамалар дайындау. Зерттеуде жүргізу үдерісінде экономикалық және статистикалық сараптау, салыстыру және сараптама, сондай-ақ дәйектеу арқылы баға беру сияқты әдістері пайдаланды. Бірегейлігі/құндылығы: алынған тұжырымдамалар теоретикалық тұрғыдан демографиялық жағдайдың деңгейі жоғары болғанда, заманауи отбасылары мәселелері өз шешімін тапқан кезде маңызды, сондай-ақ жастарды отбасылық өмірге дайындау барысында, рухани тәрбиелеу, мәдени және тарихи дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды сақтауға үйрету кезінде негізгі тұрғыдан маңызды. Зерттеу нәтижелері: Қазақстан Республикасы халқының демографиялық жағдайы бойынша зерттеулік жұмыстар жоғарыда көрсетілген өзекті мәселелерді толықтай қамтыған кезде ғана оларды шешуге көмегін тигізеді. Отбасы, сәбидің дүниеге келуі, отбасы мүшелерінің денсаулығы, білім алу, сапалы өмір сүруге талпыну. Ата-аналар отбасы мәселелеріне қатысты жауапкершілікті сезген кезде ғана мемлекет тарапынан пайдалы шешілімдер таба алады. Алынған ең маңызды нәтижелер төмендегідей қорытындыланады: көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүгедек балалары бар отбасылар, студенттер, нарықтық қарым- қатынасқа көшкен жұмыссыз отбасыларының экономикалық жағдайлары туралы статистикалық сипаттамалар берілген; төменгі кіріс көлемін, денсаулық сақтау және білім беру (оның ішінде мектепке дейінгі мекемелер) салаларының ақылы қызмет көрсетуге ауысуы, кіріс көздерінің тұрақсыздығы, жұмыссыздық, әсіресе жастар арасында жұмыссыздықтың көбейуіне қатысты салыстырмалы сараптама дайындалды.