Алматы технологиялық университетінің хабаршысы (Dec 2021)
Исправленная автором версия статьи
Abstract
Сақтау мен тасымалдаудың, сондай-ақ оны тұтынушыға жеткізудің түрлі кезеңдерінде температураның ауытқуы құс етінің сапасы мен оның тағамдық қауіпсіздігіне елеулі зиян келтіреді. Құс етін көп қайтара мұздату және еріту жағдлайлары жасуша бүтіндігінің бұзылуына немесе ақуыздың табиғисыздануына әкеп соқтырады, бұл ылғалдың өніммен байланысу формалары қатынасының өзгеруімен ұштасады. Осыған байланысты құс етін мұздату және еріту фактілерін анықтау, қайталап мұздату циклдері санын айқындау секілді өзекті міндет туындайды. Бұл мақала құс шаруашылығы өнімдерінің тіршілік кезеңінде бройлердің неше рет мұздатылып-ерітілгендігін анықтаудың жаңа экспресс-әдісінің жасалуына арналған. Зерттеу объектісі түрлі жолмен есеңгіретілген бройлер болды. «Мұздату-еріту» циклдері санының артуына қарай дифференциалды сканерлеу калориметриясы (ДСК) қисығының ең биік нүктесінің ауданы электрлі есеңгірету жағдайында 206,4-тен 192,6 кДж/мольге дейін, газды есеңгірету жағдайында 168,6-дан 151,5 кДж/мольге дейін кішірейеді, сонымен қатар ең жоғарғы еру нүктесінің температурасы электрлі есеңгірету жағдайында 5,7-ден 5,2оС-қа дейін, ал газды есеңгірету жағдайында 5,0-ден 4,0оС-қа дейін төмендейді.DSС температуралық бағдарламасы, оны судың фазалық түрленуімен ұштасатын бройлерді өңдеу және сақтау процестерін бақылау үшін пайдалану жөнінде ұсыныстар жасалды.Негізгі сөздер: дифференциалды сканерлеу калориметриясы (ДСК), бройлер, мұздату, еріту, бройлердің бұзылуы.