Хабаршы. Заң сериясы (Dec 2018)

ЛОББИЗМНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІНЕ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҢ ТҰСТАРЫ

  • Жарболова А.Ж.,
  • Мейірбекова Г.Б.

Journal volume & issue
Vol. 87, no. 3
pp. 49 – 59

Abstract

Read online

Мақала заң шығармашылығының субъективтік факторларының бірі ретінде лоббизмнің заң шығармашылығына тигізетін әсерін саралауға арналған. Заң шығармашылығы саласында лоббизм қандай да бір әлеуметтік топтардың қабылданудағы нормативтік-құқықтық актіге өз мүдделерін енгізу мақсатында заң шығару процесіне әсер ету жөніндегі қызметін білдіреді. Ғылыми зерттеудің мақсаты болып лоббизмнің заң шығармашылығын жүзеге асырудағы рөлін анықтап, оның кәсіби реттелу қажеттігін негіздеу табылады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы мақалада әлемдік заң шығармашылығы практикасында лоббизмнің жүзеге асырылу әдістері, оның оң және теріс тұстары анықталып, лоббистік қызметті құқықтық реттеудің біртұтас жүйесін жасау қажеттігі мен мақсаты қарастырылған. Практикалық маңыздылығы: мақала мазмұнында баяндалған деректерді, қорытындыларды парламентаризм институтын оқытуда, лоббизм мәселесін зерттеуде пайдалануға болады. Зерттеу әдістері: талдау, синтез, салыстыру, статистикалық, дедукция (жалпыдан жекеге). Зерттеу нәтижесінде лобби заң шығармашылығының ажырамас, өте маңызды институты болып табылады, Қазақстанда лоббистік қызметті құқықтық реттеудің өзіндік, тиімді жүйесін жасау үшін озық шетелдік тәжірибені ескере отырып лоббистік қызметтің мақсатын, оның мүмкін болатын әдістері мен нысандарын анықтап алу қажет деген қорытынды жасалды. Заң шығармашылығына қозғау салатын, заңның мәтінінің қалыптасуына және қабылдануына әсер ететін фактор ретінде лоббизм – бұл заң жобаларына қатысты ортақ келісімге келуге қол жеткізетін, ортақ мүддені көтеріп, мемлекет өмірінде демократиялық қағидаларды тереңдету мен кеңейтуге ықпал ететін ықпалды құрал. Зерттеу құндылығы: мақалада лоббизмнің заң шығармашылығының тиімділігін арттыруға тигізетін әсері, оның пайдалы нәтижелері анықталды. Жұмыстың қорытындыларының практикалық маңыздылығы: зерттеу тұжырымдарын елімізде жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформалардың негізінен алуға болады.

Keywords