Хабаршысы. Экономика сериясы (Dec 2016)

ҚР экономикасының жаңғырту жағдайында инновациялық белсенділікті микродеңгейде зерттеудің теориялық аспектілері. Теоретические аспекты исследования инновационной активности на микроуровне в условиях модернизации экономики РК

  • L., G., M. K., K., E. Мukhambetova., Chimgentbayeva., Munassipova

Journal volume & issue
Vol. 117, no. 5

Abstract

Read online

Қазіргі Қазақстан бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында өндіріс факторлары негізіндегі дамудан инновациялық экономиканы құруға көшуге бағдарланған. Алайда стратегиялық мақсаттарды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру ең алдымен инновациялық қызметтің теориялық­методологиялық негіздерін қайта ойлау мен жетілдіруін талап етеді. Инновациялық процестер мен инновациялық белсенділікті басқару сұрақтары отандық және шетел әдебиеттерінде кеңінен қарастырылған. Дегенмен, кәсіпорынның инновациялық қызметі мен белсенділігі жайлы сұрақтармен байланысты негізгі түсініктерде ортақ көзқарас жоқтығы байқалады. Бұл әсіресе микродеңгейдегі инновациялық белсенділік мәселелеріне қатысты. Қазіргі уақытқа дейін экономикалық әдебиеттерде «инновациялық белсенділік» терминіне әр түрлі түсінік береді. Қазақстанда инновациялық белсенділіктің өсу үрдісі байқалады, алайда көптеген басқа шет елдермен салыстырғанда, өкінішке орай, республикамыздың кәсіпорындарындағы инновациялық белсенділік төменгі деңгейде. Осындай жағдай тез арада инновациялық қызметтегі кәсіпорын белсенділігіне кері әсер ететін факторларды жою шараларын іске асыруды қажет етеді. . Современный Казахстан с целью повышения конкуренто способности ориентируется на переход от развития на основе факторов производства к построению инновационной экономики. Но реализация стратегических целей на практике требует в первую очередь переосмысления и развития теоретико­методологических основ инновационной деятельности. В Казахстане наблюдается тенденция роста инновационной активности предприятий, однако по сравнению со многими зарубежными странами инновационная активность предприятий республики находится, к сожалению, на низком уровне. Такая ситуация требует принятия срочных мер по преодолению факторов, негативно отражающихся на активности предприятий в реализации инновационной деятельности.

Keywords