Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Jan 2016)

Араб тілді деректердегі иудаизм жəне қасиетті жазбалар жайындағы сыни көзқарастар.

  • A. E. Abdyhalyk

Journal volume & issue
Vol. 61, no. 4

Abstract

Read online

Мақалада араб тіліндегі деректерде иудаизм діні қалай түсіндірілетіндігі жайында сөз болады. Араб тілді деректердегі иудаизм тақырыбын зерттеудің өзектілігі көрсетіліп, оны зерттеуде екі кезеңге бөлу мəселесі ұсынылады. Ислами-мұсылмандық дүниетанымдағы Мұса пайғамбарға түсірілген Таурат кітабы жайындағы араб тіліндегі деректерге сүйеніле отырып, қазіргі Таурат жайлы сыни көзқарасқа қысқаша шолу жасалады. Нəтижеде араб жəне еврей халықтарының діни дүниетанымдық алшақтықтары меңзеліп, олардың өзара сұқбаттастығы мəселесі көтеріледі. Бұл тақырып Қазақстан зерттеушілері үшін де тартымды болуға тиіс екені алға тартылады.

Keywords