Хабаршы. Заң сериясы (Feb 2016)
ПРАВОВОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ И НАДЗОР ИСЛАМСКИХ БАНКОВ
Abstract
Исламдық банк ісі дəстүрлі банк ісінен бірқатар маңызды тəсілдермен ерекшеленеді. Банктік операциялар белгілі бір қаржы құралдарын пайдалану есебінен белгіленген тəртіпке сəйкес жүргізуге жататындықтан, оларға алдын ала келісілген несие пайызын төлеуге негізделген мəмілелерді жүргізуге тыйым салынады. Бұл ретте жалпы айтатын болсақ ислам банктері жұмыс істейтін көптеген елдерде бірдей реттеуіштік база дəстүрлі жəне де ислам банктеріне қолданылады. Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті белгілеген стандарттар мен ережелерді басшылыққа алатыны осы реттеуіштік базаға тəн. Дегенмен осы стандарттар ислам банктік қызметі шегінде басқа банк жүйелерінде қолданылатын дəлдікпен əрдайым қолданылмайды. Сондықтан ислам банктерінің жұмыс істеу принциптерінің толығырақ түсінігі мақсатты жəне тиімді реттеуіш жүйені əзірлеуге негіз болып табылады.