Хабаршысы. Экономика сериясы (Mar 2024)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

  • Ғ.Е. Керімбек,
  • К.Б. Сатымбекова,
  • К.К. Мамутова,
  • Г.Б. Есенгараева

DOI
https://doi.org/10.26577/jerba202414714
Journal volume & issue
Vol. 1, no. 147

Abstract

Read online

Мақалада салықтың ежелгі тарихи дамудан бүгінгі күнге дейін экономикалық мазмұны мен мәні көптеген өзгерістерге ұшырауының себептері баяндалды. Салық мемлекеттiң қалыптасуымен пайда болды және мемлекеттiң өркендеуінің және дамудың негiзi көзі болып табылады, заманауи жағдаймен, мемлекеттік құрылымның өзгеруiнде, өркендеуiнде салық жүйесiнiң қайта құрылуында және жаңаруында қалыптасатыны айқындалған. Сондықтан мемлекетте салық салу қыметінің негізінде салықтарды бекiту, енгізу және оларды алу жөніндегі қызметтердi жүзеге асырады. Сонымен қатар мемлекет салық салу үдерісі негізінде мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандырып келеді. Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы салық пен бюджет үшін төленетін басқа да міндетті төлемнің дамуын және жүзеге асыру жүйесін талдаудың нәтижесiнде және оны жетiлдiру жолын анықтау. Осы мақсатқа орай, Қазақстан Республикасының бюджеттік түсімдеріне, оның ішінде салықтық, салықтық емес төлемнің көрсеткіштері талданды. Салықтық түсімдердің өсу немесе төмендеу серпініне баға берілді және оның салдары айқындалды. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі салық жүйесінің мықты жақтарын және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін қамтыған SWOT талдау жасалды. Қазақстанда жергілікті салық тетігінің тиімділігін арттыру елдің экономикалық дамуы үшін өте маңызды болып саналады. Осыған орай жаңадан қабылданатын Салық кодексін жеңілдету шаралары, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру жұмыстары, салықтық бақылауды күшейту бағыттары, салық төлеушілердің білім деңгейін арттыру бағдарламалары, ашықтықты арттыру және салықтың түрлерін үйлестіруді жақсарту бойынша ұсыныстар қарастырылды.