Хабаршы. Заң сериясы (Jun 2024)

СТАЛКИНГ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ РЕТІНДЕ: ОНЫҢ АМБИВАЛЕНТТІ СЕКСИЗММЕН БАЙЛАНЫСЫ, ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА КӨЗҚАРАС

  • А.Ж. Ордаева,
  • К.Т. Битемиров,
  • Л.А. Болатбекова,
  • Б.С. Исахов,
  • С.Б. Абутаева

DOI
https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-013
Journal volume & issue
Vol. 110, no. 2

Abstract

Read online

Бұл мақалада, сталкинг зорлық-зомбылықтың жаңа түрі ретінде көзқарастар, олармен байланысты психологиялық ұғымдар мен теорияларды егжей-тегжейлі қарастырады. Біздің мемлекетімізде сталкинг әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан зерттелмеген. Ғылыми зерттеудің мақсаты сталкингтің әртүрлі формаларын зерттеу болып табылады. Сталкингті үш түрге жіктеуге болады: бұрынғы серіктестің ізіне түсу, таныстың ізіне түсу және бейтаныс адамның ізіне түсу. Сексистік және жыныстық зорлық-зомбылық қарым-қатынас арасындағы бірлестіктерді зерттеу. Шетелдік зерттеушілердің ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелеріне талдау жасау арқылы тұжырымдама жасалған. Амбивалентті сексизмді зерттеу арқылы олардың түрлеріне талдау жасалып, өзара байланыстылығын зерттеу арқылы жоғары мейірімді сексистік көзқарастарға ие адамдар жәбірленушіні кінәлауға көбірек бейімділігін көрсетті. Сталкердің іс-әрекеті негізінен қауіп төндіруге бағытталған; сонымен қатар, кейбір әрекеттері психологиялық зорлық-зомбылық сияқты зорлық-зомбылықтың прецеденті болуы мүмкін тіпті физикалық зорлық-зомбылық ретінде көрінеді. Сондай-ақ, заңгерлердің еңбектерімен шектелмей психологтардың да зерттеулерін пайдаланған. Дәстүрлі гендерлік рөлдер мен әйелдерге деген көзқарас сталкинг(ізге түсу) мен гендерлік зорлық-зомбылықты қарастыруда маңызды рөл атқарады. Зерттеуде зорлау туралы түсініктер сексистік қатынастармен байланысты болды. Сталкингтің алдын алу мақсатында амбивалентті сексизмге талдау жасалынып сталкердің ойлау қабілетін өзгерту көзделген. Түйін сөздер: сталкинг, сталкер, сексизм, амбивалентті сексизм, гендерлік зорлық-зомбылық.