Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Feb 2016)
Экологиялық мәселелерді шешуге қатысты Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы
Abstract
Мақалада Орталық Азия мемлекеттерінің экологиялық мәселелерді реттеудегі ынтымақтастығының кейбір жақтары қарастырылады. Атап айтқанда аймақтағы шешімін таппай отырған көптеген экологиялық мәселелердің бірі ретінде су мәселесіне, су тапшылығына ерекше көңіл бөлінген. Трансшекаралық көлдер мен Арал теңізінің салдарлары сияқты мәселелерді шешудегі орталық азиялық елдер арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары қарастырылған. Аймақтағы ең маңызды трансшекаралық экологиялық мәселелердің бірі Арал теңізіне ерекше назар аударылған. Орталық Азиялық бес мемлекеттің бастамасымен 1993 жылы Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылған болатын. Аталмыш қордың қызметіне баға берілген. Орталық Азиядағы экологиялық мәселелер тек аймаққа ғана емес, бүкіл ғаламдық экологияға әсер етуі жағынан аса маңызды мәселелердің бірі. Әрине оларды шешуге аймақ мемлекеттері біріге отырып атсалысқанда және осы орайда интеграциялық үрдістің, аймақтағы ұйымдардың маңыздылығын арттыру қажеттілігі қарастырылған