Turkic Studies Journal (Jan 2022)
Көне ұйғыр әліпбиінің жазба ескерткіштерде қолданылу ерекшеліктері
Abstract
Көне ұйғыр жазуының дала көшпенділері мәдениетіндегі орны ерекше. Ежелгі ұйғыр жазуы соғды жазуы негізінде пайда болғанын (дәлірек айтқанда: бейімделген) білеміз. Соған қарамастан бұл жазу Ұлы дала елінде ұзақ жылдар қызмет етіп, көне ұйғыр әдеби тілінің қалыптасуында маңызды рөл ойнады. Ендеше, бұл жазу – дала көшпенділері мәдениетінің ажырамас бір бөлігі. Шығыс Түркістаннан табылған ескі ұйғыр жазулары көне түркі руникалық жазулы ескерткіштер табылуынан кейінгі әлем ғалымдарының жіті назарын аударған құбылыстарының бірі. Осы табылған көне ұйғыр жазбаларының жанрлық жағынан алуан түрлілігі, жазу графемаларының өзіндік ерекшеліктері осы зерттеудің басты мақсаты болмақ. Автор бұл ерекшеліктер мен мазмұндық түрліліктерді жүйелеп, жазу ерекшеліктерін талдап, топтастырады. Осылайша көне ұйғыр жазуының өзіндік ерекшеліктері негізінде дала көшпенділері мәдениетіндегі қызметін анықтап, әлем мәдениетіндегі орнын айқындауға өз үлесімізді қосуға тырыстық.
Keywords