Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Mar 2024)

Қытайдағы қазақ автономиясы: өткені мен бүгіні

  • N. Mukametkhanuly,
  • D. Massimkhanuly

DOI
https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v108.i1.06
Journal volume & issue
Vol. 108, no. 1

Abstract

Read online

ҚХР – көп ұлтты біртұтас мемлекет. Ел ішіндегі ұлттарға өңірлік автономия саясатын қолданады. Қытайдағы қазақ автономиялық өңірлері – Іле Қазақ автономиялық облысы, Баркөл Қазақ автономиялық ауданы, Мори Қазақ автономиялық ауданы және Ганьсу провинциясындағы Ақсай Қазақ автономиялық аудандары. Бұлардың құрылғанына биыл (2024 ж.) 70 жыл толып отыр. Мақалада Қытайда қазақтар тығыз қоныстанған өңірлерде автономиялық органдардың құрылуы, автономия саясатының атқарылуы және қазақтардың әлеуметтік дамуы мен қазіргі таңда дөп келіп отырған мәселелері жүйелі түрде жан-жақты қарастырылады. Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты – Қытайдағы қазақ автономиялық аймақтарындағы қазақтардың тарихи дамуына шолу жасай отырып, бүгінгі мәселелері мен келешек сын-қатерлерін айқындау. Қытайдың этникалық азшылықтарға қолданатын саясатының негізгі принциптері «Жалпы бағдарламада», «ҚХР Конституциясына» және «ҚХР ұлттардың өңірлік автонмия Заңына» енгізілген. Осы заңдардың негізінде салыстырмалы түрде қазақтардың әлеуметтік жағдайы жақсарды, білім, ғылым және мәдени деңгейлері көтерілді, қоғамдық саяси рөлі артып, Қытай қоғамындағы орны жоғарылады. Алайда соңғы жылдары Қытайда автономия саясатының өз деңгейінде атқарылмауы, этникалық азшылықтардың ҚХР заңдарына белгіленген құқықтары мен мүдделері өрескел бұзылып, аз санды ұлттардың өз ана тілінде білім алу құқықтары шектелді. Бұл жағдай аз санды ұлттар мәдениетінің, әсіресе қазақ мәдениеті мен ұлттық болмысының сақталуына қатер төндіріп отырғаны жасыруға келмейтін шындық. Түйін сөздер: Ұлттық автономиялық территория, Қытайдағы қазақ автономиясы, автономия саясаты, әлеуметтік даму, білім және мәдениет деңгейінің көтерілуі, сын-қатерлер.