Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Jan 2016)
Түркі халықтарының ХІХ ғасырдағы қоғамдық-саяси өмірі мен тұрмысының энциклопедиясы. Энциклопедия общественно-политической жизни и быта тюркских народов ХІХ века.
Abstract
ХІХ ғасырда жарық көрген түркі тілдерінің салыстырмалы сөздігі көлемі жағынан өз заманындағы ең үлкен сөздіктердің бірі болып саналады. Бұл сөздік басқа түркі сөздіктеріне қарағанда құра- мы мен құрылысы жағынан өзгеше түзілген еңбек. Түркі тілдерінің бұл салыстырмалы сөздігі тарихи-филологиялық мәліметтерге де өте бай. Сондықтан, өткен ғасырда бұл тек орысша-түрікше екі тілді сөздік қана емес, бұл осы тілдердің энциклопедиялық сөздігі де болып саналған. Сөздерге түсіндірме бергенде автор «Wrd und Sache» тәсілін қолданған, яғни аталған ұғымның немесе заттың мағынасын ашу үшін суреттей отырып түсініктеме береді. Түсіндірмелердің сәтті берілуінің арқасында сөздік түркі халықтарының барлығына ортақ қоғамдық-саяси өмірі мен тұрмысының энциклопедиясына айналды. Бұл мақаланың мақсаты түркі тілдерінің салыстырмалы сөздігіндегі түркі халықтарының саяси өмірі мен тұрмысына қатысты сөздер түзілген сөздік мақалалардың энциклопедиялық сипатын ашу болып табылады. В статье рассматриваются энциклопедические сведения об общественно-политической жизни и быте тюркских народов ХІХ века в сравнительном словаре тюркских народов Л.З. Будагова.