Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Sep 2021)

«Дастӯр ал-‘Илāж» медициналық трактаты және қолжазба нұсқалары

  • Z. Shadkam,
  • O.O. Tuyakbayev,
  • U.T. Kydyrbayeva,
  • D.M. Abdrakhanov

Journal volume & issue
Vol. 98, no. 3

Abstract

Read online

Қазіргі Қазақ даласында табылып жатқан Орта ғасырлық араб әріптерімен жазылған тарихи мәтіндер арасында медицина саласына қатысты көп деген жазбалар табылып жатыр. Олар кейде бір неше парақ бетінде жазба кітаптардың соңында немесе басында қысқа мәтіндер түрінде\ кейде кітаптің бір бөлімі түрінде, кейде емдеуге арналған толық медициналық жазба кітап түрінде кездеседі. Түркілік және әлем өркениетінің ортақ мұрасы болып табылатын осы тарихи мәтіндер, дала өркениетін танып, біліп, түсіну үшін, қазақ тілі, салт дәстүрімен наным сенімінің қалыптасу тарихының жүйесін анықтап білу үшін де маңыз рол атқарады. Орта Ғасырда Шағатай тілінде жазылған медицина тақырыбындағы шығармалар түрлі себептерге байланысты отандық ғылымда өте аз зерттеліп келеді. Жасалып жатқан зерттеулерде мақала көлеміннен аспайды. Мақалада XVI ғасырдың алғашқы жартысында жазылған «Дастӯр ал-‘илāдж» атты медициналық енбектің авторы, тілі және нұсқалары жайында шолу жасай отырып, Дала өркениетінің, көшпенділердің медицинасы жәйлі мәлімет беруге тырысамыз.