Turkic Studies Journal (Sep 2022)

1920-1930 жылдары Қазақстандағы жауыққан құдайсыздар одағының қызметі

  • Galya Alpyspayeva,
  • Omirbaj Bekmaganbetov,
  • Magrishat Baigoshkarova

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-44-57
Journal volume & issue
Vol. 4, no. 3

Abstract

Read online

Жауыққан құдайсыздар одағы (ЖҚО) ерікті қоғамдық ұйым ретіңде құрылып, дінге қарсы күресуді көздеген. Осы мақсатты кең көлемде жүзеге асыру үшін өлкелік, губерниялық, уездік және болыстық кеңестер құрылған. Белсенді атеистерден тұратын аймақтық бөлімшелер бұл одақтың ұйтқысына айналған. Авторлар 1920-1930 жылдары Қазақстандағы құдайсыздар одағының аймақтық бөлімшелері қызметіне кешенді талдау жасап, олардың құрылымдық ерекшеліктерін, дінге қарсы насихаттың сипаты мен мазмұнын ашып көрсетеді. Сонымен қатар, мақалада мұрағат дереккөздеріне дискурсивті талдау жүргізіліп, ЖҚО аймақтық бөлімшелерінің құрылу тарихы, даму кезеңдері, қызметінің негізгі бағыттары, бұқараның діни дүниетанымымен күресінің формалары мен әдістері зерттелген. Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанда ЖҚО-ның құрылып, қызмет жасауы орталық партия және кеңес органдарынан келіп түскен нұсқаулықтар мен ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылғаны дәйектеледі. Авторлардың пікірінше, дінге қарсы үгіт-насихаттың әртүрлі нысандары мен әдістері қолданылса да, жұмыс жүйесіз және тиімсіз жүргізілген, өйткені бұқараның діни дүниетанымына қарсы күреске республика халқының көп конфессиялы құрамы, ұлттық азшылықтар шоғырланған облыстар мен аудандардағы діни ахуалдың жағдайы үлкен әсер еткен.

Keywords