Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Sep 2021)

Еуропалық Одақ пен Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалы: өлшемдері мен үдеу қарқынына салыстырмалы анализ

  • M. M. Muratova,
  • Zh.M. Medeubaeva,
  • R.S. Elmurzaeva

Journal volume & issue
Vol. 95, no. 3

Abstract

Read online

Бұл мақалада Еуропалық Одақтың және Қытайдың Орталық Азиядағы, соның ішінде Қазақстанның дамуына көрсететін ықпалына салыстырмалы талдау ұсынылады. Еуропалық Одақ пен Қытайдың көрсеткен көмегі жергілікті жерге қаншалықты әсер ететіні қарастырылады. Мақалада екі кейсті қарастыруға мүмкіндік беретін ситуациялық талдау әдісі қолданылады: «Еуропалық Одақтың Орталық Азия мен Қазақстандағы саясатының көріністері мен нәтижелері» және «Қытайдың Орталық Азия мен Қазақтандағы саясатының өлшемдері мен қарқыны». Еуроодақ соңғы екі онжылдықта жалпы Орталық Азия аймағына қомақты қаржы жұмсағанымен, Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болуына қарамастан, 2013-2014 жылдардан бастап ықпалының төмендеу тенденциясы байқалады. Қытай, өз кезегінде, аймақтағы белсенділігін арттыруда. Алайда, әсіресе «Бір белдеу – бір жол» бастамасының «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы аясындағы көлік және электр инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларына бөліп жатқан үлкен қаражатына қарамастан, Қытай жергілікті халық арасында, экономикалық және қаржылық тәуелділік қорқынышынан пайда болып отырған, негативті үрейге тап болып отыр. Қазақстанға ерекше көңіл бөлініп отырғандықтың басты себебі – оның Еуропалық Одақтың да, Қытайдың да Орталық Азия мемлекеттері арасында негізгі серіктесі болып табылатындығында болып отыр. Бұл екі аймақтық державаның ықпалы сипаты жағынан әртүрлі болып келеді, сондықтан да Қазақстан екі жақты серіктестікті, бұл ерекшеліктерді ескере отырып, өз пайдасына қарай дамытуды жалғастыруы керек. Түйін сөздер: Еуропалық Одақ, Қазақстан, Қытай, «Бір белдеу – бір жол», даму мақсатындағы ресми көмек.