Хабаршы. Психология және социология сериясы (Dec 2017)

Шет елде тұратын қазақтардың этнопсихологиялық ерекшеліктері

  • Sveta Kydyrbekovna Berdibayeva,
  • Asiya Hayrushevna Kukubayeva,
  • S. K. Berdibayev,
  • G. K. Abdullina,
  • Aliya Sharabekovna Alimzhanova

Journal volume & issue
Vol. 62, no. 3

Abstract

Read online

Қазақтан Республикасының қоғамдық және ұлттық қызығулары тұрғысынан шет елде тұратын қазақтардың тарихи және қазіргі жаңа заманауи мәселелерін зерттеуде ұлттық сипатын көрсететін этностық құндылықтарға екпін жасау аса маңызды мәнділікке ие болады. Сонымен қатар бұл мәселелер шет елде тұратын қазақ өкілдерінің ұлттық және этностық айрықша ерекшеліктерімен байланысты болып табылады. Қазақ иаспорасының миграциялық жолы олардың өмірлерінің барлық аспектілерін қамтыды: салт дәстүрлер, құндылықтар. Бұл құбылыстар тіл мәселесінде қатты білінеді, өте белсенді қолданылатын көптеген тілдік жүйелермен астасып кетеді. Шет елде тұратын қазақтардың негізгі мәселесі қазақ тілін үйрену, ұлттық мәдениетті, салт дәстүрлерді сақтау және білім алуды өзінің ана тілінде жүзеге асыру сұрақтары аясында шет елде тұратын қазақтардың құндылықтарға бағдарлануын зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Оралмандардың өздерінің тарихи отандарына оралуы және шет елде тұратын қазақ диаспора өкілдерімен тығыз байланыс орнату сұрақтары Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының бөлінбес бөлігін құрап отыр. Ұлттық саясаттың мәселелерінің бірі демографиялық сұрақты шешу. Жоғарыда талданған жағдайларға орай, біздер ұрпақтардың сабақтастығын, салт дәстүрлерді, ұлттық қазақ мәдениетін дамыту мен сақтаудың негізгі бір мәселесі этностық құндылықтарды зерттеумен байланыстырамыз. Құндылықтарға бағдарлануды зерттеуде бұл күндері көптеген мәселелерді көруге болады: әлеуметтік және этностық психологияда құндылықтарға бағдарлану сипатының негізгі бір сұрақтарының бірі құндылықтарға бағдарланудың әлеуметтік мәнді бағытын анықтайтын ғылыми потенциал; фонологиялық оперативті деңгейдегі құндылықтарға бағдарлану жүйесі және әлеуметтік-психологиялық сипаттамалар, дамудың шарттары мен факторлары; дәстүрлі этностық құндылықтар, әлеуметтік-мәдени ортада олардың даму мүмкіндіктері; тұлғаның нақты бір этномәдени кеңістікте құндылықтарға бағдарлануының дамуы және олардың даму дәрежесі; тұлғаның құндылықтарға бағдарлануының дамуына әлеуметтік-психологиялық қолдау беру және оларды ұйымдастыру деңгейі. Осы конфликтілер көптеген қиындықтар тудырады және этномәдени кеңістікте, соның ішінде қазақ диаспорасының құндылықтарға бағдарлануын зерттеудің жеткіліксіздігі ғылыми және практикалық шешімді талап етеді. Осы жағдайлар әлеуметтік және этностық психологияда психологиялық зерттеулерді қажетсінеді және тұлғаның құндылықтарға бағдарлануының туындау заңдарын жан-жақты талдауды және олардың дамуының әлеуметтік-психологиялық факторларын табуды талап етеді. Түйін сөздер: дәстүрлер, салттар, құндылықтар, этномәдени кеңістік, қазақ диаспорасы.