Хабаршы. Психология және социология сериясы (Oct 2014)

Жастардың кейбір еңбек құндылықтарының құрылымы мен мазмұнына социологиялық талдау

  • A. Altynbekov,
  • N. Biyekenova,
  • G. Kenzhakimova

Journal volume & issue
Vol. 50, no. 3

Abstract

Read online

Мақалада Алматы қаласының жастарының еңбек құндылықтарын зерттеу барысында 7 аудан- да жүргізілген сауалнама нәтижелері ұсынылады. Жастардың кәсіби еңбек жолында басымдыққа ие болған жоғары жалақы, жұмыстың қызықты болуы, жұмыс орнының сақталу кепілдігі құндылық- тарының жастардың өмірі мен еңбек етуіне ықпалын айқындай келе, оған әсер ететін факторларды қарастырады. Еңбек жолында кездесетін тәуекелдер мен мүмкіндіктерге қатысты жастардың көзқа- расы, еңбек сапасының маңыздылығы сөз болады. Жастардың еңбексүйгіштігі, еңбекке төзімділігі мен талабы сипатталған. Жастар арасында кәсіпкерлікке қатысты көзқарасты сараптай келе, оның қоғамға алып келетін пайдасы туралы дәйекті пікірлерін ұсынады. Жастардың кәсіпке бет бұруына кедергі болатын факторлардың маңыздылығы бойынша бағалайды. Жастардың өз кәсібін аша ал- мау себептері аталып, кәсіби мобильділік пен кәсіби тәжірибенің олқы тұстары көрсетілген. Авторлар жастарды еңбекке ынталандырудың тиімді жолдарын да жастардың көзқарасы бой- ынша бөліп көрсеткен. Жастарды жетістікке жету жолындағы еңбекке берер басымдылығы зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып сарапталған. Жастар санасындағы еңбек пен ақшаның арақатынасын анықтауға тырысқан. Авторлар еңбек мәселелерін ерте бастан реттеу үшін жасалуы тиіс әрекеттерге қатысты өз тұжырымдарын ұсынады.

Keywords