Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Jun 2021)

«Ұлттық мүдде» тұжырымдамасының теориялық дискурсы: салыстырмалы сараптамалық талдау

  • Zh.S. Makasheva,
  • E.K. Saudabekova,
  • M.K. Tashbulatova

Journal volume & issue
Vol. 94, no. 2

Abstract

Read online

Мақалада Рейнгольд Нибур және Ганс Моргентау еңбектері негізінде саяси реализм теориясының қағидалары қарастырылған. Халықаралық қатынастар теориясының даму тарихында саяси реализм теориясы ең алғашқы болып «ұлттық мүдде» тұжырымдамасын талдай бастады. Ұлттық мүдделерді қорғау – мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі. Саяси реализмді жақтаушылар кез келген мемлекет өзінің ұлттық мүдделеріне немқұрайлы қарамауы керек, – деп санайды. Мемлекеттердің ұлттық мүдделері олардың арасында қалыптасатын қатынастарға тікелей әсер етеді. Ұлттық мүдделер – бұл халықаралық қатынастардың тұрақты негізі. Халықаралық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына елдің географиялық орналасуы, оның саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени даму деңгейіне байланысты. Рейнгольд Нибурдың тұжырымдамасы бойынша ұлттық мемлекет дегеніміз – өзінің ерекше миссиясы бар қоғам деп санайды. Ұлттық мемлекет өз азаматтары мен сыртқы әлем алдындағы міндеттемелері бар азаматтық қоғам. Ұлттық мемлекеттің қалыптасуына ел азаматтарының мемлекеттің көрсетілген трансцендентальды қызметіне сенімі және азаматтардың өз мемлекетіне деген адалдығы әсер етеді. Ол сондай-ақ азаматтардың мемлекетке деген сенімнің плюралистік, генотеистік және монотеистік түрлері бар деп санайды. Ганс Моргентау халықаралық қатынастарды мемлекеттер арасындағы қайшылықтардың сахнасы ретінде қарастырады. Ғылыми зерттеудің мақсаты әдебиеттерде кездесетін «ұлттық мүдде» тұжырымдамасының теориялық дискурсты салыстырмалы түрде сараптамалық талдау жасау. Зерттеудің негізгі бағыттары тұжырымдама бойынша сараптамалық анықтама беру арқылы ұлттық мүдденің теориялық дискурсына шолу жасай отырып, қалыптасқан идеяларды жаңа геосаяси шынайылықтардың негізінде жаңарту болып табылады. Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы теориялық дискурстың XXI ғасырда орын алып отырған акторлардың белсенді түрде ұлттық мүдделерді қорғау мақсатындағы бастамаларының маңыздылығы болып табылады. Зерттеу әдістемесі ретінде тек салыстырмалы сараптамалық әдістемесі қолданылды, себебі тақырыптың өзектілігіне орай бүгінгі таңда акторлардың жаңаша көзқараспен іс-қимыл әрекеттері белсенді түрде жүзеге асырылуда. Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері, талдау және тұжырымдамасына байланысты сарапшылар мен шешім қабылдау тұлғаларға тәжірибелік кеңес беру арқылы тарихи фактордың да өзектілігін ашып көрсетеді. Бұл ретте, шешім қабылдаушылардың тек бүгінгі заманауи идеялардың өзектілігінде емес, сонымен қатар теоретиктердің тұжырымдамалық идеялары өзектілігін жоғалтқан жоқ. Жүргізілген зерттеу жұмысының маңыздылығы әлеуметтікгуманитарлық ғылымға теориялық дискурс арқылы кішігірім үлес болып табылады. Жұмыс қорытындысының тәжірибелік маңыздылығы ретінде академиялық орта мен тәжірибелік шешім қабылдаушылардың назарына пайдалы кеңес ретінде қабылдануында. Түйін сөздер: ұлттық мүдделер, саяси реализм, халықаралық қатынастар теориясы