Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Feb 2016)

Араб мемлекеттерінің сыртқы саяси бағытының қалыптасуындағы ислам факторының рөлі

  • А. K. Omarova,
  • А. А. Zhumadilova

Journal volume & issue
Vol. 69, no. 1

Abstract

Read online

ХХІ ғасырда ислам факторы мәселесі халықаралық аренадағы, халықаралық өмірдегі маңызды, іргелі мәселелердің қатарына айналып отыр. Мақала тақырыбының өзектілігі, оның өміршеңдігінен, яғни исламның қазіргі таңдағы әлемдік саясаттағы рөлінің артуына байланысты айқындалады. Осыған байланысты, мақаладағы берілген араб мемлекеттерінің сыртқы саясатына ислам факторының ықпалына, оның құрылымы мен ерекшеліктеріне талдау жасау маңызды. Мақалада ислам факторының мәні, құрылымы, мазмұны және негізгі детерминанттары қарастырылады. Араб мемлекеттерінің сыртқы саясатындағы ислам факторы ықпалының тетіктері, мәніне талдау жасалынып, ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басындағы араб елдерінің ислам факторының ықпалы аясындағы аймақтық және халықаралық саясатының мазмұнының өзгеріске ұшырау үрдісі қарастырылады.

Keywords