Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Apr 2016)
Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) «əскери-саяси өлшемі»
Abstract
Мақала Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Алматыда 2004 жылғы 22 қазанда өткен мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің екінші кездесуде Кеңес аясында сенім ша- раларын жүзеге асыру принциптерін бекіткен АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесі (Каталог) қабылдаған əскери- саяси өлшеміне арналған. Бұл жас ұйымның шеңберінде: 2004 жылдың 22 қазанында қабылданған Сенім шара- лары тізімдемесіне (Каталог), АӨСШК Төртінші Сыртқы істер министрлері кездесуі қорытындысы бойынша қабылданған Декларациясына, АӨСШК Үшінші министрлік кездесудің Қорытындысы жəне «АӨСШК: Азиядағы қауіпсіздік архитектурасын құру идеясын жүзеге асыру» атты ғылыми-тəжірибелік конференциясының Есебі сынды құжаттарға сараптамажасалынды. АӨСШКмүше-мемлекеттердің қауіпсіздік саласымен əскери-саяси өлшемдегі əрі қарай дамуындағы ынтымақтастығын айта келе, автор келешекте əскери-саяси өлшем Сенім шаралар тізімдемесінің маңызды бағыттарының біріне айналуы үшін тəжірибелік жұмыстар атқаруы тиіс деген қорытындыға келді.