Хабаршысы. Экономика сериясы (Apr 2015)
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарындағы тәуекелді басқару жүйесінің дамуы және шетел тәжірибесін қолдану тиімділігі. Развитие системы управления рисками в предприятиях Республики Казахстан и эффективность использования зарубежного опыта
Abstract
Тәуекелдікті басқару кез келген кәсіпорынның ажырамас бөлігі болып табылады және стратегиялық мақсаттарын табысты жүзеге асыру үшін шешуші маңызы бар. Тәуекел-менеджмент жүйесі компанияның өз қызмет кезіндегі кездесетін барлық қиындықтарды анықтау мен оларды бағалаудан басталады. Соның нәтижесінде альтернативтік, яғни басқа, тәуекелділігі төмен және табысы жоғары жолдар қарастырылады. Шетелдерде кеңінен тараған тәуекелді басқару практикасы біртіндеп біздің елге де келе бастады. Шетел тәжірибесін қолдана отырып, қазақстандық кәсіпорындар да тәуекелді басқару саясатын өзіндік бөлімше ретінде құрып келеді. Бірақ мұндай кәсіпорындар әлі де болса көп емес. Бұл кәсіпорындарға негізінен ауқымды, ұлттық компаниялар, қаржы ұйымдары жатады. Мысалы, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ компанияларын және банктерді айтуға болады. Әрине, бұл жүйені енгізу көптеген тәуекелдерді алдын алуға мүмкіндік береді. Сондықтан көптеген қазақстандық фирмалар үшін тәуекел-менеджмент саясатын қолдану өте маңызды. В статье рассматриваются значение и роль внедрения системы управления рисками в компаниях Республики Казахстан. А также определена важность использования зарубежного опыта как ключ к минимизации рисков и успешной деятельности предприятия.