Turkic Studies Journal (Mar 2022)

Шығыс Тянь-Шаньның ежелгі тұрғындары және олардың мәдени мұралары

  • Tursynkhan Kairken

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-1-34-46
Journal volume & issue
Vol. 4, no. 1

Abstract

Read online

Шығыс Түркістан – ғылымда әлі де болса толық зерттелмей жатқан аймақ. Әлемдік қауымдастықты пен ғылыми ортаны оның қазіргі жағдайымен бірге бай тарихы да қызықтырады. Тянь-Шань тауы оны ортасынан бөліп жатқан табиғи географиялық белгі. Таудың оңтүстігі дәстүрлі отырықшылық мәдениеттің, ал солтүстігі көшпелі мәдениеттің дамыған өңірі. Тянь-Шань тауының екі қанатындағы осынау географиялық аймақтың адамзат өркениетінде өзіндік орны бар. Мақалада алдымен Шығыс Тянь-Шаньның байырғы тұрғындары сақ, хун, үйсін және туцзюэ (көк түрік) секілді ежелгі этностардың пайда болуы мен дамуы, этникалық, тілдік және мәдени байланыстары зерттеледі. Сақтардың Орталық және Шығыс Тянь-Шаньда пайда болуы ғылымда әлі күнге дейін толық зерттелмеген мәселе. Кей ғалымдар оларды батыстағы скифтермен, оңтүстік-батыстағы үнді-еуропалық халықтармен байланыстырса, Қытай деректері шығыстан ‒ Хэси дәлізі жақтан келген дейді. Бұл жерде автор сақтардың үнді-еуропалық халық пен монголоидтық халықтардың өзара араласуынан пайда болған супер этнос екенін, солтүстіктегілер түркі тілінде сөйлеген монголоидтық нәсіл, ал оңтүстіктегілердің біраз бөлігі үнді-еуропалық тілдің тохар диалектісінде сөйлеген еуропалық нәсіл болғанын ортаға қояды. Автор олардың тілдік, антропологиялық белгілерінде ұқсамастық болғанымен, қолданбалы өнері мен киім-кешектерінде ортақ элементтердің болғандығын атап көрсетеді. Сондай-ақ, Шығыс Тянь-Шаньнан табылған сақтардың, үйсіндердің мәдени мұраларына талдау жасайды және оларды Жетісу мен Алтайдан табылған осы тектес мұрағаттармен салыстырады. Сондай-ақ мақалада Шығыс Түркістанды Орталық Азиямен тұтастыратын Жібек жолы бойындағы көне қалалар мен елді мекендерге де тоқталады.

Keywords