Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (May 2016)
Жапон және қазақ паремияларындағы туыстық терминдер
Abstract
Мақалада жапон және қазақ паремияларының құрамына кіретін туыстық терминдер қарастырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты – жапон және қазақ паремияларындағы туыстық терминдердің қолданыс жиілігін анықтау. Зерттеу барысында екі тілдегі туыстық терминдері бар паремиялар екі топқа бөлініп қарастырылды: 1) қандас туыстық терминдары бар паремиялар; 2) некелік туыстық терминдері бар паремиялар. Сонымен қатар, мақалада берілген паремиялардағы туыстық терминдерге сандық талдау нәтижесінің кестесі де берілген.