Хабаршы. Заң сериясы (Jun 2018)

ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ: ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ

  • Жұманбаева Н.А.,
  • Алимкулов Е.Т.

Journal volume & issue
Vol. 85, no. 1
pp. 159 – 168

Abstract

Read online

Бұл мақалада қылмыстық іс жүргізудің жаңа институттарының бірі процестік келісім түсінігі және қазіргі кездегі негізгі нысандары қарастырылады. Процестік келісім қазіргі кездегі мемлекетіміздің демократиялық даму бағытындағы ізгілік және қылмыстық процестің тиімділігі мен үнемділігі мақсатын жүзеге асыруға септігін тигізетін үлкен институт. Бұл мақалада авторлар процестік келісімнің дүниежүзілік және отандық ғалымдардың ой-пікірлерін салыстыра отырып өзіндік түсінікті ашып кетуге тырысады. Сонымен қатар қылмыстық процестік кодексте берілген процестік келісімнің түрлерін, оларды пайдалану ерекшеліктерін және нысандарын мейлінше қарастырып, зерттеу жұмысын жүргізеді. ҚР ҚПК-нің 612 бабында көзделгендей жасалған процестік келісім шеңберінде қылмыстық істерді тергеп-тексеру мынадай жағдайда, яғни онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле нысанында; қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал ету кезінде барлық санаттағы қылмыстар бойынша ынтымақтастық туралы келісім нысанында жүргізіледі. Мақаланың мақсаты – осы саладағы жинақталған теориялық және тәжірибелік білімге, сондай-ақ қазіргі ҚПК нормаларына сәйкес, қылмыстық iстер бойынша қылмыстық iс жүргiзу заңдарын және құқық қолдану тәжірибесін жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар және процессуалдық келісім институтының теориялық тұрғыдағы мәнісін ашу болып табылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қылмыстық процесс барысында күдікті, айыпталушы, сотталушының қорғалу құқықтарын, қылмыстық процестің тиімділігін, үнемділігін қамтамасыз етумен айқындалады. Талдау негізінде авторлар процессуалдық келісім институтының түсінігі мен нысанын саралау барысында отандық және халықаралық тәжірибені талдау жасауға тырысты.

Keywords