Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТТА ДЕН ҚОЯТЫН БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ

  • Ж. А. Атымтаева

Journal volume & issue
Vol. 42, no. 4-5

Abstract

Read online

Мақалада Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында ден қоятын басымдылықтары жөнінде мол мағлұмат беріледі.Cыртқы саясаттың жасалуы және жүзгізілуі ешқашан ішкі саясаттан бөлек жүзеге асырылмайды. Мемлекеттердің халықаралық майданда ортаға қойған саясаты негізінде ол мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мақсаттары, экономикалық жағдайларының әлеуметтік деңгейі және ішкі саясаттағы болып жатқандардың бір жиынтығы болып алдымызға шығады. Әртүрлі ықпалдардың жиынтығы ретіндегі осы саясаттар халықаралық конъюнктураға сәйкестігі мөлшерінде жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты.Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі. Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы саяси күштердің орналасуымен және олардың аумақтық үйлесуімен, сондай-ақ осы факторлардың қоғамның саяси өмірінің кеңістікте орналасуының өзара байланысымен белгіленеді. Геосаясаттан дәстүрлі түрде географиялық детерменизм принципін негізге алып, мүмкіндікті айқындауға жағдай жасайтын сыртқы саясаттың құралын көреді.

Keywords