Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Feb 2016)

АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты саясаты: іске асыру мүмкіндіктері мен болашағы

  • A. Serykkyzy,
  • М. S. Myrzabekov

Journal volume & issue
Vol. 69, no. 1

Abstract

Read online

Кеңестер Одағының ыдырауы, Орталық Азиядағы геосаяси вакуумның пайда болуына алып келді. Осыған дейін әлемдегі жетекші мемлекеттер үшін қол жетпейтін аймақ Орталық Азия өзінің табиғи-шикізат көзінің, ең алдымен, мұнай мен газ және Батыс пен Шығысты қосатын көліктік инфрақұрылымды қалыптастыруға, сондай-ақ, халықаралық терроризмге қарсы күресте пайдалануда плацдарм ретіндегі рөлінің маңыздылығына байланысты, жетекші мемлекеттердің геосаяси және геостратегиялық талас аймағына айналды. 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін Орталық Азияның әлемдік саясаттың басты ойыншылары саналатын – АҚШ, Ресей және Қытайдың стратегиялық үстемдігі үшін күрес аймағына айналуы, бұндай бәсекелестікке жаһандық сипат берді. 1999 жылы Орталық Азия АҚШ Орталық қолбасшылығының жауапкершілік аумағына өткізілді. Бұл жағдай аймақ мемлекеттерінің АҚШ-пен әскери ынтымақтастығы үдерісін күшейте түсті. Осылай, АҚШ аймақты өзінің дербес геостратегиялық және геосаяси жүйесіне тарта отырып, өзінің жаһандық деңгейдегі позициясын күшейтуді көздеуде.

Keywords