Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Apr 2016)
Араб прозалық шығармаларындағы адам және қоғам мәселесі (XX ғ. бірінші жартысы)
Abstract
Өмір шындығын образ әрекеті, кейіпкер психологиясы, шығармадағы адам мен қоғам арасындағы өзара үндестік пен тартыс, қайшылықтар диалектикасы арқылы суреттеу ерекшеліктері әдебиеттану ғылымындағы өзекті зерттеу нысанасы болып қала бермек. Мақала араб қаламгерлерінің әлеуметтік қайшылықтарды қозғаған нақтылы шығармаларындағы адам мен қоғам мәселесін қарастырады. Сонымен бірге шығармалардың тағылымдық, мазмұндық мәндері сөз етіледі.