Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Jun 2016)

Еуразиялық экономикалық одақ жағдайындағы Қазақстан экономикасына жаңа құрылымның қажеттілігі

  • R. Е. Sarbayeva,
  • Е. К. Myrzatayev

Journal volume & issue
Vol. 66, no. 2

Abstract

Read online

Қазіргі таңда жаһандық экономикалық кеңістікті қалыптастыратын құбылыстар әлемдік масштабта елдер арасындағы интеграциялық үдерістерді күшейтіп келеді. Жаһандық үрдістер мемлекеттердің өз экономикалық құрылымдарын қайта реформалауына, жаңа экономикалық саясат қалыптастыруына ықпал етеді. Берілген мақалада Қазақстанның жаһандық, аймақтық интеграциялық үдерістердегі белсенділігі айқындалған. Еуразиялық интеграцияның жаһандық маңыздылығы ашылған. Жаһандану үрдістері өз бастауын аймақтық интеграциялардан алатынын тарихи жағдайлар көрсетіп отырғандықтан, нарықтық экономикаға бағыт алған Қазақстанның экономикалық құрылымын зерделеу өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Осыған орай, авторлар Қазақстанның Еуразия кеңістігінде мүмкін болатын экономиканың жаңа құрылымының қажеттігін талдауға тырысқан. Оған мемлекеттік бағдарламаларды, халықаралық маңызы бар жобаларды және Елбасы Жолдауларын негізге алып, Бүкіләлемдік экономикалық форумның мәліметтеріне, деректеріне сүйенеді. Мақалада сыртқы экономикалық интеграциялық үрдістердің әсерінен қалыптасқан экономика құрылымы талданып, экономика секторларына арнайы ұсыныстар жасаған.

Keywords