Хабаршы. Психология және социология сериясы (Sep 2023)

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ САПАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ӘСЕРІ

  • T. B. Tajibaev,
  • A. K. Kulymbaeva,
  • M. B. Uakasova

Journal volume & issue
Vol. 86, no. 3

Abstract

Read online

Мақалада тұлғаның көшбасшылық сапалары мен эмоционалды интеллектісінің өзара байланыстылығын зерттеу деректері келтірілген. Зерттеу негізінде жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық сапаларының қалыптасуына тигізетін эмоционалды интеллектінің әсерін анықтау зерттеудің мақсаты етіп қойылған. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде Дж. Мак-Грегордің көшбасшылық теориясын, Д. Гоулманның эмоционалды интеллекті моделін, Л.С. Выготскийдің интеллекті мен аффектінің бірлігі жөніндегі идеясын және т.б. теориялық қағидаларды басшылыққа алынған. Мақалада жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық сапалары эмоционалды интеллектімен тығыз байланысты болып келетін топты басқару мен ұйымдастыру қабілеті ретінде қарастырылған. Алға қойған мақсатқа қол жеткізуде, қажетті мінез-құлық пен іс-әрекетке қалай әсер ететіндігі жөніндегі көшбасшылық сапалардың рөлі анықталады. Мұнда зерттеу міндеті ретінде эмоционалды интеллектінің құрылымдық элементтеріне сай келетін көшбасшылық сапалардың екі түрі: тұлғалық және іскерлік сапалар бөліп шығарылады. Көшбасшылық әлеуеттің көрінуі мен оның топтық іс-әрекетті ұйымдастырудағы тиімділігі айтылған. Зерттеу барысында «Мен – көшбасшымын» әдісі, «Н. Холлдың эмоционалды интеллектіні диагностикалайтын» әдісі алынып, нәтижелері талданған. Жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық сапалары мен эмоционалды интеллектісі арасындағы маңызды байланыстардың корреляция коэффициенті есептеліп шығарылып, арнайы ұйымдастырылған топтық оқытуға дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі эксперименттік зерттеудің нәтижелеріне сандық талдаулар жасайды. Олардың дәлдігін көрсету үшін математикалық статистиканың әдістерін қолданады. Зерттеудің практикалық мәні ретінде, оның нәтижелері жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық сапаларын одан әрі тереңірек зерттеуге, сондай-ақ оны оқыту процесінде дамытудың әдістемелік құралдарын дайындауға негіз бола алатындығы айтылады. Кілт сөздер: көшбасшылық сапалар, эмоционалды интеллекті, аффективті және интеллекетуалды процестердің бірлігі, шкалалардың көрсеткіштері, корреляция коэффициенті, өзгерістердің сенімділі, критикалық мәндер.