Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (May 2016)
Қазіргі кезеңдегі жапон қоғамындағы гендерлік саясат
Abstract
Шығыстың дамыған мемлекеттерінің бірі Жапон елінде дәстүрлі және жаһандық үрдістердің кең етек жайып, халықаралық байланыстардың дамуы қарқынды жүріп жатқан заманда, елдің тарихи, мәдени, әлеуметтік даму жолында әйелдердің рөлі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. XX ғ. соңы мен XXІ ғ. қоғамдық- экономикалық қатынастардың тез қарқынмен дамуы,әйелдердің ерлерден қалыспай тең дәрежеде жоғары білім алуы, әйелдер мен ерлер арасындағы тең құқықтық заң жүйесінің орнатылуы, әйелдердің мемлекеттің қоғамдық- экономикалық саясатына белсене қатысуы, біліктілігінің нығаюы, ғасырлар бойы дамыған отбасы сияқтыдәстүршілдік құндылықтарының өзгеріске ұшырай бастауына байланысты күншығыс елінің әйелдер мәселесін зерттеуге негіз болды. Бұл мақалада автор қазіргі кезеңдегі жапон қоғамындағы әйелдердің рөлін жан-жақты қарастырған.