Turkic Studies Journal (Sep 2024)
Тарихи-мәдени дискурс контексіндегі Алтын Орда әдебиеті
Abstract
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет мемлекеттік құрылыстың негізін нығайтуда ең көрнекті идеологиялық рөл атқара бастады. Уақыт пен қоғам талабымен тығыз байланыста әлеуметтік-мәдени проблемаларды көрсету қажеттілігі артты. Мемлекеттік құрылым әртүрлі ұрпақ-нәсілдік, конфессиялық және этникалық топтардың объективті бірлігін талап етті. Бұл қоғам негізіне нұқсан келтіруі мүмкін әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы бітпейтін тартыстар мен текетірестерді, қақтығыстарды тоқтату үшін қажет болды. Империяның іргетасын нығайтуға қажетті моральдық принциптерді анықтаудың мақсатқа сай екендігі объективті түрде алға шығарылды. Мұндай миссия сөз өнеріне жүктелді, ол мемлекеттік талаптарға сай айтарлықтай әсер етті. Реванди Хорезмидің «Мұхабатнаме», Рабғузидің «Қисас ул әнбие», Құтбтың «Хосроу мен Ширин», Сайф Сараидың «Гүлістан бит-түрки» мен «Сухеил мен Гүлдерсен», Хусам Катибтің «Жумжума сұлтан» және т.б., шығармаларының арқасында ғылыми әлем діннің қызметі мен Алтын Орданың рухани мәдениетінің эволюциялық даму дәрежесі туралы ақпарат алады. Ұлан ғайыр аумақта біртұтас үкімет пен бірыңғай заңдар орнату қажеттілігі халықтардың нәсілдері мен олардың тілдерінің, әлеуметтік-мәдени және діни идеяларының әртүрлілігіне тікелей байланысты болды. Шығармашылық тұлғалардың алдында әртүрлі діни нанымдағы халықтарды дүние мен ғаламның жаратылуы мәселелерінде ислам ұстанымының адалдығына сендіру міндеті тұрды. Алтын Орданың құрылу дәуірінде дін және мәдениет қайраткерлері біртұтас «Илаһ» – бар (болмыс) ұғымының пайда болу генезисін нақты және негізді түсіндіре алды.
Keywords