Arts Academy (Jun 2023)
ҚАЗАҚ КИНООПЕРАТОРЛЫҚ ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ
Abstract
Камера өнерінің пайда болуы мен даму тарихы кинематографияның даму кезеңдерімен тығыз байланысты. Дүниежүзілік кинематографияда бұл әдіс шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, қаһарман мінезін сипаттау, кинематографиялық уақыт пен кеңістікті көрсету, атмосфераны, жарық пен түс беру үшін кеңінен қолданылады. Ғылыми жұмыс барысында тақырыпты толық ашу үшін Ногербек Б.Р. («Қазақ көркем фильмдеріндегі экрандықфольклорлық дәстүрлер»), Фрейлих С.И. («Кино теориясы. Эйзенштейннен Тарковскийге дейін»), Б.Балазс («Кино – жаңа өнердің қалыптасуы мен мәні»), Л.Деллюк («Фотогенез»), т.б еңбектер қарастырылды. Бұл жұмыста жүйелік-салыстырмалы, тарихи-хронологиялық және аналитикалық ғылыми әдістер қолданылды.
Keywords