Arts Academy (Dec 2022)

ҚАЗАҚСТАН ХОРЕОГРАФИЯ МЕКТЕПТЕРІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • А.А. Тұрғали

DOI
https://doi.org/10.56032/2523-4684.2022.4.4.5
Journal volume & issue
Vol. 4, no. 4
pp. 5 – 14

Abstract

Read online

Мақалада бүгінгі күні хореографиялық білім беріп келе жатқан Қазақстанның А. В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі мен Елдордағы Қазақ ұлттық хореография академиясының оқыту процесіндегі кейбір айырмашылықтар қарастырылды. Сонымен қатар балет әртісін дайындау барысында сахналық тәжірбиесінің үлкен орын атқаратыны тілге тиек етілді. Бүгінгі күні балет театрының бишісіне қойылатын талаптар жоғары болуына байланысты мектеп түлектерінің дайындық деңгейі де жоғары болуды қажет етеді. Осыған байланысты ұстаздар қауымының күш-жігері бірегей оқу орнының озық дәстүрлерін сақтай отырып, педагогикалық әдістерді хореографияның жаңа бағыттарын енгізу арқылы дамыту үстінде. Мақалада 20 жылға жуық А. В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі өткізіп отырған Халықаралық «Өрлеу» және Қазақ ұлттық хореография академиясының 2018 жылдан Халықаралық деңгейде «Temps Lie» фестифальдерін өткізіп келе жатырғандығы көрсетілген. Осы фестифальдер арқылы жас буын балет әртістері үлкен сахнаға жолдама алып отыр. Мысал келтіре отырып бір қимылды талдау арқылы мектеп ерекшеліктері көрсетілді.

Keywords