Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Feb 2016)
«Ұлы күш» ұғымы және күштердің дамуы
Abstract
Анархиялы халықаралық жүйеде әлем елдері жаһандық деңгейде жоғарғы беделге ие биліктің болмауынан, өмір сүруді жалғастыру үшін өз қауіпсіздіктері мен күш-қуатын нығайтуға тырысуда. Бұл мақалада «Ұлттық мүдде» концепциясы аясында реалист, неореалист көзқарастарда маңызды орны бар және біреулер (классикалық реалистер) халықаралық саясатпен сыртқы саясаттың ең басты мақсаттарының бірі деп санайтын, басқалар (неореалистер) болса мемлекеттің өмір сүруіне негізгі тіреуіш беретін бір құрал деп есептейтін «күш» терминіне көңіл бөлдік. Өйткені ұлттық мүдденің қорғалуы үшін мемлекеттің күш-қуаты мықты болуы қажет. Мұндай тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып мақсатымыз маңызды тарихи оқиғаларға жай ғана шолу жасап шығу емес, аталған мемлекеттердің үлкен күш болуына әкелген мәселелерді қарастырып, елдердің бұл дәрежеге («ұлы немесе алып күш» дәрежесі) қалай жеткенін көрсету болып табылады. Сәйкесінше бұл талдау үлкен күштердің жалпы сыртқы саясатын түсінуімізге зор ықпалын тигізеді деген ойдамыз.